Облыстық ішкі істер департаменті мамандарының хабарлауынша, қыз бала Жаңа-Жұлдыз ауылының учаскелік полицияның ұялы телефонына хабарласып, үйінде төбелес болып жатқанын айтқан.

53 жасар ауыл тұрғыны қолына балта алып, үйіне келген полиция қызметкеріне және өзінің отбасына сес көрсеткен. Ал Серік Сарымов көлігіне қайтып, машинаның жүргізуші жақ есігі арқылы өзінің арнайы құралдарын алмақшы болған. Сол кезде ол соңынан жүгіріп шығып, балтамен шабуылдаған. Бірінші соққысы машинаның терезесіне тисе, екінші соққы құқық қорғаушының сол жақ иығын жаралап кетті.

 - Күдікті бұрын қылмыстық  жауапкершілікке тартылған. Енді ол тағы да Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 380-бабы бойынша жауапқа тартылып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - дейді баспасөз қызметінің мамандары.

 

pavlodarnews.kz