Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін тек Балқаш қаласында атмосфералық ауаның ластануы болжанады.

Өзге шаһарларда ауа сапасының нашарлауы күтілмейді.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

pavlodarnews.kz

Тэги: