Екібастұз қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы Талғат Сәкеннің айтуынша, «KAZAKHSTAN NATIONAL PK» деп аталатын халықаралық бәсекеге Ресей, Франция, Қырғызстан және Қазақстаннан 200 спортшы қатысқан. Біздің облыстың байрағын көтеріп барған Әділет Қайыржанұлы 110 келі салмақта белдесті.

- Турнир қорытындысы бойынша, ол үшінші орынды жеңіп алды. Енді жерлесіміз жақында Біріккен Араб Әмірлігінің Әбу Даби қаласында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғамақ. Жерлесіміздің алдағы сайысына сәттілік тілейміз, - дейді Талғат Сәкен.

Айта кетейік, Әділет Нұрпейісов Екібастұз қаласындағы №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры болып қызмет істейді. Джиу-джитсу бойынша көк белдіктің иегері, бірнеше рет халықаралық жарыстардың жеңімпазы. Атап айтар болсақ, былтыр Астанадағы «Қазақ батыры» спорт сарайында өткізілген  ел чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген.

Тілеуберді Сахаба

 

pavlodarnews.kz