2020 жылдың қаңтар айында Қазақстанның автокөлік нарығындағы сатылым 2019 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 20,2 пайыздық өсімді көрсеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қазақстан автобизнес қауымдастығының мәліметіне сәйкес, ресми диллерлер өткен айда 1 951 жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техника, 393 жүк көлігі мен автобус сатып үлгерген. «Автокөлік сатылымы қаңтар айында дәстүрлі түрде жылдың ең төменгі көрсеткішін көрсетеді. Десе де 2020 жыл қазіргі трендті жалғастырары анық. Наурыз айындағы сатылым жалпы 2020 жылға болжам жасауға мүмкіндік береді», - деді ҚАБҚ вице-президенті Анар Мақашева.

Қауымдастықтың ұсынған мәліметіне сәйкес, кейінгі бес айда сатылым жағынан Hyundai ешкімге есе жіберер емес. Қостанайда өндірілетін көліктің қаңтар айында 1136 данасы өтіп кеткен. B+ класындағы нарыққа Ravon (667) көліктерінің кіруімен ресейлік Lada (917) көлігіне де бәсекелес пайда болды. Toyota төртінші орынға (710) табан тіреді. Одан кейінгі орындардан Kia (525), Renault (249), Volkswagen (156), Lexus (125), Nissan (114) мен Skoda (63) тұр. Жеңіл автокөліктердің модельдері жағынан рейтингте өзгерістер баршылық. Қаңтар айында Ravon R3 (449), Lada Granta (448), Hyundai Tucson (362) үздік үштіктен көрінді. Төртінші орында Hyundai Creta (329) тұр. Одан кейінгі тізім мынадай: Toyota Camry (268), Kia Rio (255), Lada Vesta (218), Ravon R4 (216), Hyundai Accent (179) және Hyundai Elantra (171).

pavlodarnews.kz

Тэги: