Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлайды.

Ол осы айдың басында Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес жер бетіндегі ең қарт адам болып танылды. Титэцу Ватанабэ 1907 жылы 5 наурызда дүниеге келген.

Бұған дейін Титэцу Ватанабэ ұзақ өмір сүруінің сырын ашып, оның себебін үнемі күліп жүретінімен байланыстырған болатын.

Әлемдегі ең қарт адам атағының алдыңғы иегері де Жапония тұрғыны болған. Масадзо Нонака былтыр 20 қаңтарда 113 жасында қайтыс болды.

Айта кетсек, жапондықтар ең көп өмір сүретіндердің тізімінде дәстүрлі түрде көш бастап тұрады.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: