Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде өрт шыққаны туралы хабар түнгі сағат 3-те Кіші айналма жол, 5а мекенжайы бойынша түскенін мәлімдеді.

- Жеке тұрған дөңгелек жөндеу шеберханасында ағаш құрылымдар, төбесі, жылу сақтауға арналған материалдар жанып, жалын 18 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт сөндірушілер 50 литрлік бір газ баллонын алып шықты. Өрт сағат 5:08-де толық жойылды, - деді департаментте.

Ведомство зардап шегушілер туралы хабарлаған жоқ. Тілсіз жауды ТЖД-нің 9 адамы мен 2 техника ауыздықтаған.

26 ақпанда Ертіс ауылындағы қамыс үйде өрт шықты. Жағалау, 18 мекенжайында орналасқан ғимаратта жиһаздар мен тоңазытқыш өртеніп, кейін төбеге көшкен. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілер үйден 27 және 50 литрлік газ баллондарын шығарды. Оқиға орнында 8 адам, 1 техника жұмыс жасады.

Дәл осы күні Павлодар қаласында сағат 23:18-де Естай көшесі, 148 мекенжайында орналасқан үйдің 4-ші және 5-ші қабатының арасындағы терезенің ағаш қабы өртенген. Өрт төтеншеліктер келгенге дейін жойылды. ТЖД-де апаттың себебі өртті абайсыз қолдану екенін атады.

Дулат Райымбек
Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: