- Жыл сайын мақсатты бөлінген қаражат есебінен қазақ және ағылшын тілдеріне тегін оқыту курстары ұйымдастырылды, - дейді Ернұр Дәуенов. – Павлодар облысының қазақ тілін үйренгісі келетін әрбір тұрғыны тегін курстарға жазыла алады. Жалпы соңғы 3 жылда облыс бойынша 35410 адам қазақ тіліне, 36727 адам ағылшын тіліне оқытылды.

Ернұр Дәуеновтің айтуынша, жыл сайын облыс тұрғындары мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау «Қазтест» жүйесі арқылы тестілеуден өтеді. Айталық, 2012 жылдан бастап «Қазтест» жүйесінен 18580 адам өтті.

Айта кетейік, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен өңір әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы дүкеннің сатушысынан бастап, жұмыстағы әріптестермен қазақша сөйлесу қажеттілігі туралы пікір айтқан.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: мемлекеттік тіл, қазақ тілі, тілдерді дамыту, Ернұр Дәуенов