Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с желдің екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде жел 18 м/с артады.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде 16 м/с екпінде жел тұрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: