«Тарих керуені» мерейтойлық акциясын ұйымдастыруға және театралдық қойылымға өңірдің түкпір-түкпірінен 400-дей адам қатысты. Бұл – музей қызметкерлері, актерлар, әншілер, хореографиялық ұжымдар, қуыршақтар театры мен туған өлкесіне бей-жай қарамайтын қала тұрғындары. Биыл инсталляцияны мыңнан астам павлодарлық тамашалады.


- Адамдардың қарасы қалың, - дейді музей басшысының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Гүлжайнат Әлиева. – Оған биыл әлеуметтік желілердегі жарнамалар себеп болған тәрізді. Instagram байқауын ұйымдастырған болатынбыз. Тұрғындар суретке түсіп, Павлодардың көрнекі орындарында селфи жасады. Жүлделер бүгін сыйға тартылды. Бұдан басқа, музейде ашылған «Шай ішу дәстүрі» көрмесінде бірнеше ғасырға тиесілі самауыр мен шайнектерді тамашалауға болады. Көшелерде орын алған тарихи оқиғалар кезінде біздің жергілікті қолөнершілердің жәрмеңкесі мен рето автокөліктердің көрмесі ұйымдастырылды.

Павлодар қаласының құрметті азаматы, көпес әрі меценат Артемий Деровтың үйінде бүгінде Г. Потанин атындағы өлкетану музейі орналасқан. Бұл түні Ленин көшесінен Қоянды жәрмеңкесінде жұбайымен серуендеп жүрген көпесті көруге болды. 

Өлкетанушылардың айтуынша, Артемий Деров пен Павлодар қаласында «Россия» қонақ үйін салған басқа басқа да белгілі көпес Константин Пугачев 1925 жылы Парижде өткен «ЭКСПО» көрмесіне қатысқан.

 

Әртүрлі үш сахнада Майра Шамсутдинова, Әміре Қашаубаев және Виктор Цойдың әндері естіліп тұрды.



 

 Суреттер мен видеоны түсірген - Светлана Воронова, Роза Мұстафина

pavlodarnews.kz