Бұл туралы The Academy Music Business порталының twitter-інде хабарланды деп BAQ.KZ тілшісі жазды.

Бұл іс-әрекеттің нақты себебі белгісіз. Алайда, АҚШ-тың бірқатар қалаларында болып жатқан наразылықтың белгісі деген болжам бар. АҚШ-тың бірқатар қалаларындағы жаппай тәртіпсіздіктер Миннеаполис қаласында полиция қызметкерлері қолынан қаза болған афроамерикалық азамат Джордж Флойдтың оқиғасынан кейін басталды.

Осы сынды вандаизм әрекеті АҚШ-тың 45-ші президентінің жұлдызына қатысты алғаш рет жасалып отырған жоқ. 2018 жылдың шілдесінде Даңқтар аллеясына келген белгісіз ер адам монументті гитараның қорабымен ұнтақтап тастаған. Оқиғадан кейін Трамп жұлдызының жанына күзет қойылған еді.

Айта кетейік, Dolby кинотеатрының жанында Трамптың аты жазылған ескерткіш белгі 2007 жылы орнатылды. Бұл құрмет оған өзінің The Apprentice авторлық шоуы үшін көрсетілген еді.

pavlodarnews.kz

Тэги: