Бұл туралы "Беларусь 1" телеарнасының эфирінде айтылғанын belta жазды деп BAQ.KZ хабарлайды.

Ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі де растап, А.Лукашенконың тиісті Қаулысы ресми жарияланғаннан кейін күшіне енетінін мәлім еткен. Беларусь Үкіметінің жаңа құрамын жасақтау мәселесі 3 маусым күні таңертең А.Лукашенконың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланған. Оған Республика Кеңесінің төрағасы Наталья Кочанова, Өкілдер палатасының төрағасы Владимир Андрейченко, Президент Әкімшілігінің басшысы Игорь Сергеенко және Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Андрей Равков қатысты.

pavlodarnews.kz

Тэги: