Өңіріміздің өнерпаздары Италияға жасаған гастрольдік сапарынан таңғы сағат 7:45-те Павлодарға оралу керек болған. Оларды әуежайда Pavlodarnews.kz АА, «Звезда Прииртышья» газеті мен  «Ertis» телеарнасының тілшілері күтіп алмақ болған. Алайда ауа райының қолайсыздығынан жоспар орындалмады.

- Біз олармен хабарласып отырмыз, - дейді Иса Байзақов атындағы филармонияның концерттік-гастрольдік бөлімінің жетекшісі Гүлсәмиға Мұқанова. – Музыканттарымыз Астанадағы ұшаққа отырғызылды. Бірақ әлі ұшқан жоқ. Қазір бұл мәселе шешілуде. Алдағы үш сағатта ұшуға болмайтындықтан пойызға билет алынуы мүмкін.

 Айта кетерлігі, «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайында бес рейс бөгеліп, екі рейс шегерілді.

Еске салайық, павлодарлық симфониялық оркестрдің 53 музыканты Италия мен еліміздің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына орай сол елдің 22 қаласына гастрольдік сапармен барған.

Павлодарлық өнерпаздардың бірінші концерті 19-желтоқсан күні Агрополи қаласында қойылды.

Дулат Райымбек

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет