Бұл туралы қолданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі @vpavlodare қауымдастығында жазды.

Агенттіктің жолдаған ресми хатына берген жауабында облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі қазіргі таңда полиция адам өліміне қатысты істі тергеу жүргізіп жатқанын жазған.

Криминалдық полицияның қызметкері 17 жастағы күдіктіні ұстады.

-  2018 жылы 16-наурыз күні «Весна» бағбаншылығында 28 жастағы ер адам мен 37 жастағы әйел адамның денелері зорлық белгілермен табылған.  Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлімі, 1-тармақшасы бойынша тергеу жүргізілуде. Сот санкциясымен күдікті тұтқындалған, - деді департаментте.

Томирис Бекжан

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, қылмыс, ІІД