Бұл туралы агенттікке қала әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлжан Апсалықова айтты.

- Бүгінгі таңда жағдай бақылауға алынған, - дейді Гүлжан Апсалықова. – «Гарант Строй Групп» ЖШС мердігер ұйымының бір техникасы көшелердегі суды тазартуда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жұмыс күшін арттырды. Кеше үшінші-төртінші көшелердің қиылысын және екі қарияның су басқан ауласын тазартты. Түнгі сағат 22:00-де қаладан қосымша тағы бір техника келді. Бүгін алтыншы-тоғызыншы, жетінші-сегізінші көшелердің қиылысындағы суды арнайы техникамен сору жоспарлануда. Сонымен қатар кенттегі қар да сыртқа шығарылмақ.

Оның айтуынша, мердігер ұйым бір апта күн-түні су тартумен айналысады. Қажеттілік туындаған жағдайда жұмыс жалғасын табады.

Айта кетелік, Жаңауыл кентінде қар еріп, көшелері су басқаны туралы әлеуметтік желілерде таралған болатын. Бүгінгі таңда жердің балшыққа айналуы тұрғындардың аяқ алып жүруіне қиындық тудырып отыр.

Оразбек Саяхат
Фото Instagram-дағы @tipavlo парақшасынан алынды

pavlodarnews.kz

Тэги: Қоғам