Бұл туралы Baq.kz тiлшiсi хабарлайды.

Сенат депутаты Нұрлан Қылышбаев Үкiмет есебi мен Есеп комитетiнiң қорытындысында Қазақстанның Дүниежүзiлiк экономикалық форумның ғаламдық бәсекеге қабiлеттiк индексi көрсеткiштерiне жетпеу фактiлерi жиi кездесетiнiн айтты.

«Бұл фактiлердiң ұзақ мерзiмдi салдарына назар аудару керек. Белгiленген нәтижелерге қол жеткiзiлмегендiктен, оларды жүзеге асыру келесi есептiк кезеңге өтедi. Осындай қарқынмен бiз 2050 жылға қарай бәсекеге қабiлеттi, үздiк 30 ел қатарына кiрiп үлгеремiз бе?», - деп сұрады сенатор.

Дегенмен, ҚР Ұлттық экономика министрi Тимур Сүлейменов депутаттың күмәнiн сейiлтуге тырысты. Ол бұл бүкiл мемлекеттiк органдардың жұмысына байланысты екенiн айтты.

«Бiз биыл 57-орындамыз. Жоспар бойынша бiз 45-орында болғымыз келедi. Биыл қазанда бiзде кезектi рейтинг шығады. Үкiмет өз-өзiне бекiткен жоспар – үздiк 45 ел қатарына кiру. Егер бiз жыл сайын 3-4 пунктке рейтинг бойынша жоғарылап отырсақ, онда бiз 2050 жылы үздiк 30 ел қатарына кiру мақсатына жетемiз», - деп жауап бердi Сүлейменов.

Атап өтсек, бүгiнгi отырысқа ҚР Премьер министрi Бақытжан Сағынтаев, Конституциялық кеңес, Жоғары сот пен Орталық сайлау комиссия төрағалары, Үкiмет мүшелерi, республика президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк орган басшылары, Президент әкiмшiлiгi, Премьер-министр кеңсесiнiң қызметкерлерi мен БАҚ қатысып отыр.

pavlodarnews.kz

Тэги: