Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.

«Біз осы жылдың шілде айында биометрия қызметін іске қосамыз. Аталған қызмет азаматтарға олардың қалауы бойынша көрсетіледі. Биометрия қызметінде сурет (азаматтың фотосы – автор) және саусақ іздері сынды екі параметр болады. Азаматтар аталған параметрдің көмегімен электронды үкімет порталына және мобильді қосымша арқылы авторизация жасай алады», - деді төраға журналистерге.

Осы орайда Абылайхан Оспанов биометриялық мәліметтер құпияда сақталатынын атап өтті.

«Түрлі мемлекеттік органдарда сақталған жеке мәліметтер сияқты оларда жеке мәлімет ретінде сақталады. Ол электронды үкіметтің ішкі инфрақұрылымында қосымша параметр ретінде енгізіледі. (Биометриялық ақпараттар – автор) базалық мәліметтер ретінде қорғалады. Бұл пилоттық жоба ретінде жүзеге асады», - деп түйіндеді сөзін төраға.

pavlodarnews.kz

Тэги: