Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел жәрдем медициналық көмек қызметкерлері спорттық веложарыс, футбол турнирі және басқа да шаралар кезіңде жұмыс атқарды.

- Биылғы жылы Жеңіс күні орталық алаңға келген 12 науқасқа бірден көмек көрсетті, - деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. - Олардың арасында Ұлы Отан соғысының ардагерлері де болды. Көбісінде қан қысымының көтеріліп, естен тану оқиғалары да болды.

Жалпы демалыс күндері Павлодар облысының жедел жәрдем станциясына демалыс күндеріне қарағанда жеті пайызға көп қоңырау шалынды. Төрт күн бойы медицина қызметкерлері 13 жол-көлік апатына, төрт күйікке, алты улану, үш кене шағу фактілеріне барды.

pavlodarnews.kz

Тэги: жедел жәрдем, медицина, 103