Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Президенттің мемлекеттік басқару жүйесіндегі кадрлық механизмді бірізді өзгертуі идеологиялық сфераның маңызды бағыттарын әкімшілендіруді күшейтуге бағытталған. Қазақстанның қазіргі технологиялық және экономикалық жағдайы сарапталған, жүйелі әрі практикалық тәсілді талап етеді. Тимур Сүлейменовтің ҚР президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалуы экономикалық желі бойынша жұмыстарды жеделдетуді білдіреді. Тимур Мұратұлының құзыреті экономикалық күн тәртібіндегі нақты міндеттерді кешенді шешуге ықпал етеді», - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі маңызды стратегиялық міндеттердің бірі – ел экономикасының нақты секторындағы сандық сипаттамалар мен өңірлердегі құрылымдық экономикалық өзгерістердің нәтижелілігін көтеру. Құлсейітов Айдын Жеңісұлының Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі атануы Президенттің осы мәселеге баса мән бергенін білдіреді.

«Бұл мәселелерді шешу экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және қазақстандықтардың өмір сапасын көтеруді қамтамасыз етеді. Қазақстанның мемлекеттік басқару тәжірибесінде алғаш рет Стратегиялық жоспарлау бөлімін ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары тікелей бақылауына алынады. Жалпы алғанда, қос тағайындау да ұлттық экономиканы құрылымдық жаңғырту үшін және оның дамуына серпін беру үшін мемлекеттік басқару жүйесінде «кадрлық синергия» құруға бағытталған», - деді Бекжан Садықов.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы бүгін бірқатар ауыс-түйістер жасады. Президент Жарлығымен Аида Балаева Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

ҚР Президентінің көмекшісі болған Тимур Сүлейменов ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары қызметіне ауыстырылды.

Ал «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығын басқарған Талғат Қалиев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы атанды.

pavlodarnews.kz

Тэги: