Бұл туралы BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Республиканың кейбір аумағында жауын-шашын болады, ал кей жерінде жауын-шашын, қар мол көлемде түседі. Тек Қазақстанның шығысы антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, күн жауын-шашынсыз болады.

Республикамыздың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, түнде бұрқасын, көктайғақ болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйытқиды.

Түркістан облысында күндіз екпіні 25 м/с жел соғады.

pavlodarnews.kz

Тэги: