Облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, оқушылар мен педагогтардың 99%-ы үйде интернетке қосылған.

- 1-11-сыныптардағы оқу пәндері бойынша бейне сабақтар бекітілген кестеге сәйкес «Ел арна», «Балапан» телевизиялық арналары арқылы көрсетіледі, - деді Жомарт Қарамбаев. - Телесабақтар аптасына 5 күн, әр сабақ оқу пәндері бойынша 10 минуттан өткізіледі. Сондай-ақ тегін негізде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін Bilimland.kz, sabak.kz, aitube.kz, Daryn.online.kz, Moodle, Opiq.kz интернет-платформалар жұмыс істейді.

Сабақ бойынша жоспарлау негізінде педагог білім алушыларға оқулықтан тапсырмаларды өз бетінше оқу/ орындау үшін оқу материалы мен интернет-платформаларда (BilimLand) орналастырылған сабақтарды ұсынады (Kundelik.kz; Daryn. online). Сондай-ақ қолжетімді сандық білім беру ресурстарын (Mektep.OnLine; QaradomalakStudio; Ppi.kz Microsoft TEAMS; GoogleClassRoom) пайдаланады.

Қашықтықтан оқыту мониторингін жүргізу үшін кері байланыс ұсынуға мүмкіндік беретін Kundelik.kz электрондық журнал қолданылады.

- Қашықтықтан оқыту процесін ұйымдастыру дәстүрлі, қатаң бекітілген кесте бойынша емес, икемді, жеке кесте бойынша жүргізіледі, - дейді спикер. - Оқу пәндерінің саны күн сайын мектептің  оқу жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған. Оқу тапсырмалары оқушыларға күн сайын беріледі және білім алушыларға ыңғайлы уақытта орындалады. Білім алушыларға арналған оқу тапсырмаларының көлемі ҚР БҒМ ұсынған көлемнен аспауы тиіс. Электрондық күнделікке қатысу туралы ақпарат енгізілмейді. Қашықтықтан режимде жұмысты ұйымдастыру кезінде ата-аналардан оқушылардың тапсырмаларды орындауын фото, бейне растау талап етілмейді. Қашықтық форматтағы сабақтар ата-аналардың қолдауын және қатысуын, оқушының тапсырмалармен өзіндік жұмысын талап етеді.

Айта кетерлігі, облыста жалпы контингенті 113 422 бала бар 357 мектеп жұмыс істейді. Педагогтар саны - 12325. Барлығы 14 Call-орталық құрылды, 29 қызметкер жұмыс істейді. Call-орталықтардың қызметкерлері барлық сұрақтарға жауап беруге дайын.

А.Бекжанқызы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам