Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Нақтырақ айтқанда, былтыр Қазақстанда «Toyota» маркалы 9252 автокөлік сатылған. Екінші орында ресейлік Lada (8729 автокөлік сатылған) көліктері тұр. 2017 жылы өзбекстандық Ravon машиналарының 4621 данасы сатылып, аталған марка алғашқы үштікті түйіндеді. Одан кейінгі орындарда Hyundai (3624) мен GAZ (2611) тұр.

Сонымен қатар, үздік маркалардың ондығына Renault (2486), KIA (2301), UAZ (1900), Nissan (1683) және Chevrolet (1489) енген.

Жалпы, 2017 жылы Қазақстан аумағында ресми диллерлер арқылы 46 377 көлік сатылып, бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда 5,8 пайызға артық болып отыр.
Жеңіл автокөлікті сатып алу үшін былтыр қазақстандықтар 1,12 миллиард (алдыңғы жылмен салыстырғанда 28,6 пайызға артық) теңге жұмсаған. Жеңіл автокөлікті сатып алу белсенділігі бойынша Алматы (11928), Астана (8383), Шымкент (3292), Атырау (3257), Қостанай (2893), Қарағанды (2762), Орал (2437), Өскемен (2224), Ақтау (1763) және Ақтөбе (734) қалалары алдыңғы қатарда.

pavlodarnews.kz

Тэги: