Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

9-наурыз күні кешкі сағат 17:00 шамасында үш бөлмеле пәтердегі өрт туралы хабарлама келіп түсті. №11 өрт сөндіру бөлімінің екі техникасы мен жеке құрамынан 11 адам оқиға орнында жұмыс істеді. Бес минуттың ішінде қызыл жалын оқшауланды.

- Пәтерге кіргенде 2012 жылы туған ұл баланы таптық. Ол ауыр деңгейдегі ысты газбен улану диагнозымен Ақсу қаласының орталық ауруханасына жеткізілді. Өкінішке орай, бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. Өрттің себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда, - деді департаментте.

Думан Асқарбек

pavlodarnews.kz

Тэги: Ақсу, өрт, қоғам