Бұл туралы қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі хабарлады.

- «Березка», «Северный», «Надежда» бақшашылығына азаматтарды жеткізуді қамтамасыз ету үшін № 6 аралас класты маусымдық тұрақты автобус маршруты жолаушыларды тасымалдауды бастайды, - дейді бөлім мамандары. - Автобус қозғалысының схемасы «Усолка шағын ауданы», Майра, Жаяу Мұса, Кутузов, «Вокзал», Чкалов, Қамзин, Суворов, «Восточный шағын ауданы», Российская, Геринг, «№ 3 поликлиника», Минин, Чкалов, №19 Автожол көшелері бойынша өтетін болады. Қозғалыс аралығы «час-пик» - 20 минутқа дейін, «қарбалас сәт аралығы» уақыты 40 минутқа дейін құрайды.

Айта кетейік, маршрутқа «№1 Автобус паркі» ЖШС аралас класты 12 автобуспен қызмет көрсетеді. Барлық жеңілдіктер сақталатын болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: №6 автобус, қоғам