Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Аудит нәтижесі бойынша, колледждің бас есепшісі мен экономисі негізсіз өздерінің жеке есеп карталарына 10 миллион 331 теңгені жалақы ретінде аударған. Осылайша олар ҚР Үкіметінің қаулысын ("Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы") бұзды", - деді ведомстводағылар.

2017 жылы қарастырылған 1,636 миллион теңгенің орнына бухгалтер өз есепшотына 8,052 миллион теңге жіберген, ал экономисте қарастырылған 1,168 миллионның орнына 3,915 миллион теңгені еңбекақы, еңбек демалысының ақысы және сыйақы ретінде жіберген. Қазіргі уақытта аудит жалғасып жатыр, олар колледж қызметкерлерінің еңбек демалысы, жалақысы мен өтемақы төлемдері қалай жүргізілгенін тексеріп жатыр.
 

pavlodarnews.kz

Тэги: