Баянауыл ұлттық паркіндегі жыл сайынғы «Ертіс меридианы» туристер слетіне екі жүзден астам адам жиналды. Спортшылар он облыстан, елордадан және Шымкенттен келді.

Туристердің 31-ші слетіне 13 команда қатысуда. Павлодар облысының намысын екі команда – «Ертіс Павлодар» және «Павлодар» қорғамақ.

- Баянауыл көптеген туристердің назарын аудартады, әсіресе бай табиғаты, - деді құттықтау сөзінде облыс әкімінің орынбасары Арыстан Қабикенов. – Баянауыл жері әрқашан өзінің қонақжайлылығымен, кең пейілділігімен танымал болған. Бүгін Жастар жылына арналған Қазақстан мен ТМД елдерінің туристері достығының 31-ші слеті басталуда. Бұл шара өте маңызды. Біз оны жыл сайын өткізіп отырамыз. Бүгін ауа-райы қолайсыз болып тұр. Бірақ мен сіздердің барлық кедергілерді жеңуге дайын екендеріңізді сеземін. Осы сайыста сәттілік, мықтылар жеңіске жетуін тілеймін.

«Ертіс меридианының» бағдарламасы төрт күнге жалғасады. Осы уақытта қатысушылар су, серуендеу және тау туризмінің элементтері бар кезеңдерден өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, спортшылар туристер тап болатын төтенше жағдайда қалай аман қалу керектігін білуі керек.

Сайыстың алғашқы күнінде командалар төрт кезеңде сынға түсті: су, теориялық, шыдамдылық сынағынан өту және шартты түрде жарақаттанған адамдардан өту кезеңдері.

Дулат Райымбек
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Баянауыл, Ертіс меридианы, спорт