Жәрмеңкенің әрбір дүкені өзінің безендірілуімен және сатып алушыларды сан алуандығымен қызықтырды. Бұл - түрлі  кәдесыйлар, әшекейлер және басқа да бейнелеу өнері мен сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдары (бисер тоқу, шүберек ойыншықтар, аппликациялар). Барлығы өте әдемі және мерекелік көңіл күй сыйлады. Тауарларды сатушылар ретінде оқушылар мен олардың ата-аналары қатысты.

– Мұндағы негізгі мақсат – мектеп оқушысына есту аппаратын алуға көмек көрсету. Себебі, көп балалы отбасында тәрбиеленетін балаға «Екі жақты нейросенсорлық есту мүкістігі, есту қабілетінің төмендеу динамикасымен кохлеарлық неврит» диагнозы қойылған. Бұған қоса, отбасы қаржылық қиындықтарға тап болған. Бір жағынан - бұл шара науқас балаға көмек көрсетуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан -қонақтар мен қатысушыларға жарқын эмоциялар сыйлады, - деп атап өтті мектеп директорының орынбасары  Зоя Русакова.

Жәрмеңкеден түскен 420 мың теңге көлеміндегі барлық қаражат баланың анасы Райхан Орынбаеваға тапсырылды. Ол өз кезегінде оқушылар мен олардың ата-аналарына, мұғалімдерге алғысын білдірді.

- Көмектеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын. Жасаған жақсылықтарыңыз барлықтарыңызға  жақсылықпен оралсын. Қажет болған сәтте көмек беретін жомарт қолдар табылсын. Баршаңызға ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын!, - деп көзіне жас алды.

Мектеп әкімшілігі қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсеткендері үшін  балалар мен олардың ата-аналарына ризашылығын жеткізді.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам