Кей жерлерде найзағайлы жаңбыр жауады және жел күшейеді, республиканың солтүстік өңірлерінде кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін. Тек қиыр оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман болады. Маңғыстау, Қарағанды, түнде Павлодар, күндіз Атырау, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады. Күндіз Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

 

pavlodarnews.kz