Бұл туралы «Павлодар қайырымдылар клубының» еріктілері агенттік тілшісіне берген сұхбатында айтып берді.

- Біздің жорамалдағанымыздай, Ранидің денесі алысқа ағып кетпеген. Су астындағы ағаштарға ілініп қалыпты, - дейді еріктілердің бірі Ермек. - Оның денесі бүгін таңертең судың бетіне қалқып шықты. Оны таңғы сағат  бестің  кезінде Ертіс өзеніндегі жүк кемесінің машинисі көріп қалып, бірден ата-анасына хабар берген. Мәйіт Ертіс өзенінен өтетін автокөпірден ары 1,5 шақырымдай жерден табылды. Ата-аналары оны киімінен, аяқ киімінен және алқасынан таныды. Жерлеу рәсімі сәрсенбі күні Павлодар ауданы Жаңа қала ауылында өтеді.

Естеріңізге салайық, суға батып кеткен қыздың денесін іздеуге он шақты адам, үш қайық жұмылдырылған болатын. Іздеу жұмыстарына су астындағы ағаш тамырлары айтарлықтай қиындық келтірген. Павлодарлық еріктілер қыздың денесін табу үшін әлі де көп қайық қажет екенін айтып, тұрғындардан көмек сұраған. 

pavlodarnews.kz