Қазроботикс делегациясының құрамында Павлодар қаласының №11 ЖОМ 7-сынып оқушысы Айпара Сыздықова және оның робототехника бойынша жаттықтырушысы, информатика пәнінің мұғалімі Рустам Садықов болды.

Қатысушылар қатарында ІТ-кеңес мүшелері, Елбасы қоры жанындағы ғылым, мәдениет жөніндегі кеңес, дарынды оқушылар, жастар, ғалымдар, инноваторлар, мәдениет қайраткерлері болды. Сондай-ақ қордың қолдауы арқасында өз идеяларын жүзеге асыра алған Қазақстан қалаларынан әлеуметтік жобаларды әзірлеушілер қатысты.

- Айпара сыйлық лауреаттары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері бар кездесудің ең кіші қатысушыларының бірі болды, - дейді Рустам Садықов. - Шақырылғандардың арасында Айпараның болуы кездейсоқтық емес. Ол қазақстандық «КазРоботикс» білім беру және спорттық робототехника Федерациясымен бірлесіп Тұңғыш Президент Қоры өткізген жас жобалаушылар арасында KazRoboProject республикалық байқауында екі рет І орынды иеленді.

Барлық қатысушыларға Тұңғыш Президент Қорының белгісі табыс етілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, оқушы, Елбасы, Нұс-Сұлтан, робототехника